Хорватияның Загреб қаласында 10-12 наурыз аралығында дзюдодан 2006-2008 жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті. Аталған байрақты бәсекеге 35 елден үздік татами шеберлері қатысты. 50 келі салмақ дәрежесінде облыс намысын қорғаған Е.Мұрат Италия, Украина, Грузия, Израил, Венгрия мемлекетінен келген қарсыластыран басым түсіп, жеңіске жетті.
— Еуропа кубогіне дайындық жақсы өтті. Дайындықты біз Астана қаласынды ақпан айында өткіздік. Аллаға шүкір шәкіртім чемпион атанды. Бұл төккен тер мен еңбектің нәтижесі. Ортақ жеңісіміз құтты болсын,- деді дзюдошының жеке бапкері Сәлімгерей Нұрболғанов.
Айта кетейік, бұған дейін Ерхан Мұрат ҚР чемпионы атанған болатын.