Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. 9 наурыз күні республикалық маңызы бар Ақтөбе — Атырау — Астрахань тас жолының 551-шақырым тұсында «Ларгус» және УАЗ автокөліктерінің бетпе бет соқтығысуынан тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы болды.
Салдарынан оқиға орнында «Ларгус» автокөлігінің 1990 жылы туған жүргізушісі және 1994, 2022 жылдары туған жолаушылары қаза тапты.
Сонымен қатар, УАЗ автокөлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген.