Атырау облысы, Құрманғазы ауданында 18 дана киік мүйізін заңсыз сақтаған күдікті ұсталды. Құрманғазы ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Браконьер» жедел-профилактикалық шараларын жүргізу барысында 18 дана киік мүйіздерін, 16 калибрлі «ИЖ» мылтығын және 7 дана оқ дәрілерін сақтаған 1998 ж.т. аудан тұрғынын анықтады.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.