Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атыраудан шыққан тікұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

Атыраудан шыққан  «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда қонды. Мән-жайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

«Батыс Қазақстан облысында магистральді мұнай құбырын шолып қарау барысында «Қазавиақұтқару» тікұшағы апатты жағдайда қонды. Оқиға орнына аттанған мамандар себебін анықтайтын болады.

Әрине, мұндай фактілерге барынша жаупкершілікпен қараймыз. Борт сақтандырылған. Мерзімді техникалық қызмет көрсетуден 2023 жылдың қаңтарында өткен », — деді Р.Иманқұлов.

Ресми мәліметке қарағанда, авиациялық төтенше жағдай кезінде министрліктің төрт қызметкері көз жұмды. Олардың қатарында ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов Сабырбайұлы, екінші пилот Владимир Афанасьев Константинович, аға борт механик-нұсқаушы Сиязбек Андосов Шажалиұлы және жетекші инженер Жәрдем Доскалиев Қуанышқалиұлы бар.

Орал қалалық көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Еркін Ақбаллиннің айтуынша, тікұшақ апатынан кейін екі адам жедел жәрдем көлігімен кеше сағат 19.45-те жеткізілген.

«Ауруханаға келіп түскеннен кейін нейрохирург, хирург, реаниматолог, травматологтардың қатысуымен медициналық көмек көрсетілді. Басы, кеудесі рентгенге түсіріліп, іш құрылысына ультрадыбыстық зерттеу жасалды. Яғни барлық тексерулерден өткізілді. Екеуінің де түскенде санасы анық, жалпы жағдайы орташа болды, барлық сұрақтарға жауап берді. Олар нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Екеуі де жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Біреуінің астыңғы, үстіңгі еріндері көгерген. Ешқандай отаның қажеті жоқ. Қазір ем алып жатыр, бес-алты күндей дәрігерлердің бақылауында болады», деді Е.Ақбаллин.

 

Back to top button