Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, 18 ақпан күні республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 62 шақырымы тұсында Камаз жүк көлігі мен Lada автокөліктері соқтығысқан.
Салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісі және 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Атыраулық полицейлер жол қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.