Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың бірінші эшелоны елге аман-есен оралды, — деп ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
ҚР ТЖМ құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар борт Алматы әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар, туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды.
«Түркия Республикасының АFAD жер сілкінісі салдарын жою дағдарыс орталығымен келісіліп, Қазақстан Республикасы ТЖМ күштерімен іздестіру-құтқару жұмыстары барлық нысанда аяқталды, күштер топтамасы тұрақты орналасқан пункттерге қайтарылады», — делінген хабарламада.