Облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдап, олардың өтініші мен ұсынысын тыңдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, автомобиль жолдарын жөндеу және т.б әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Кездесуге жауапты басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры қатысты. Олар тұрғындардың сұрағына жауап беріп, қажетті кеңес берді.
Аймақ басшысы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. Сұрақтар жан-жақты қаралып, заңдылығына қарай шешіледі.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі негізінен тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұрайды. Алайда, баспана Заң аясында кезек реттілігімен беріледі.
Облыс әкімі бүгінге дейін 32 қабылдау өткізіп, 457 тұрғынды жеке қабылдады. Сондай-ақ, аудандарға жұмыс сапары барысында 190-нан астам тұрғынды жеке қабылдады.
Аймақ басшысы айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдайды.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.
Байланыс нөмірі: 8 (7122) 95-66-82