БастыТехнология
Атырауда істен шыққан электр жарығы қалпына келтірілді
Бұл туралы «Атырау-Жарық» АҚ президенті Мейірбек Құбашев хабарлады. Ол облыс әкімдігінің кезекті жиынында қалың қар кезінде қаладағы апаттық жағдай болған 33 әуе желісі туралы баяндама жасады.
— Қазіргі таңда авариялық сөнген операторлардың бәрі қосылды. Ажыратылған қосалқы станциялардың иелері мекемеге келіп, құжаттарын көрсетіп, қазір олар қалпына келтірілуде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы комиссия құрылды. Дүйсенбіден бастап жекеменшік қосалқы станция мен әуе желілері бар абономенттерге тексеріс жүргізіледі. Оның негізінде тұрғындарға қосалқы станциялардың техникалық талапқа сай орындауға алдын ала ескертпе беріліп, бағыты көрсетіледі. Егер содан кейін техникалық талапқа сәйкес келмесе – ажыратылады,-деді М.Құбашев.