Атыраулықтарды жеңілдікпен массаж жасаймын деп алдаған алаяқ ұсталды. Instagram әлеуметтік желісінде lepkatela_kz парақшасын ашып, өзін Әсем деп таныстырған алаяқ 1994 ж.т. атыраулық тұрғынға жеңілдікпен емдік массаж жасалатынын айтып, 45 мың теңгесін банк есепшотына аударуын сұраған.
1988 ж.т. күдікті жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Астана қаласында ұсталды.
Алаяқтың тағы да осындай 3 қылмысқа қатысы бары анықталды.