Есірткі сатқан
Атырауда аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 5 адамнан құралған қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереленді. Топтың құрамындағы кәмелетке толмаған 17 жастағы күдіктінің алаяқтық дерегі бойынша мемлекетаралық іздеуде тұрғаны анықталды.
Ұсталғандардың барлығы Тараз қаласының 1994ж.т, 2001ж.т, 2004ж.т,2004ж.т, 2005ж.т., тұрғындары. Тексеру кезінде олардан 1 келі 200 грамм, яғни 4 мыңға жуық дозаны құрайтын синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ 2 дана электронды ас үй таразылары, 7 дана электр таспасы, фольга және т.б. заттар анықталып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі «Мефедрон» екені анықталды.
Олар жеңіл пайда табу мақсатында Тараз қаласынан арнайы Атырау қаласына келген. Дәлелдеме ретінде, қылмыстық топтың ақшалай қаражатты туыстарының атына аударып, иемденіп отырғандары анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сəйкес жариялануға жатпайды».