Оларды боқтағандарға 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Сондай-ақ отбасылық жанжал кезінде былапыт сөз айтқан адам да бірінші рет ескерту алып, кейін 17 мың теңгеден астам айыппұл арқалайды. Осыған орай жаза әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабында қарастырылады. Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанованың айтуынша, әрбір жағдай жеке қаралады. Кімге қандай жаза тағайындайтынын сот шешеді.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі қоғамдық жерде боқтағандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды немесе 30 тәулікке қамауға алынады деген еді. Бұл норма әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстік 434-бабына енгізілген. Заң наурыз айынан бастап күшіне енеді.