Атырау облысының әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады
Облыс әкімі Серік Шәпкенов бекітілген кестеге сәйкес 18 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, олардың арыз-талаптарын тыңдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және т.б әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Шарада жауапты басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры қатысты. Олар тұрғындардың сұрағына жауап беріп, қажетті кеңес берді.
Аймақ басшысы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерeді. Баспана Заң аясында кезек бойынша беріледі.
Аймақ басшысы облыстық әкімдіктің арнайы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдайды.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.
Байланыс нөмірі: 8 (7122) 95-66-82