Басты
Алматыдан 557 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 30 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 05:49 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 557 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 14.0.
MPV магнитудасы – 6.3.
Эпицентр координаттары – 40.14° с.е. 82.18° ш.б.
Тереңдігі – 15 шақырым.
Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Айта кетейік, мұның алдында 25 қаңтар күні қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында болған екі жер сілкінісін тіркеген еді.
Фото: www.aa.com.tr