Денсаулық
Өткен тәулікте 27 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте елімізде 27 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау минитрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
29 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 669 адам коронавирус инфекциясынан (–1 524+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 111 пациент стационарда, 1 558 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.