Қоғам
Жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші мерт болды
Екібастұз маңында жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қаңтарда сағат 17:10 шамасында Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш арнайы техникасы электровозбен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.