Басты
Президент Қостанай облысы басшылығына Рудныйдағы жағдайға байланысты тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғындарымен кездесуі барысында азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Құбыр жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын айтты.