Бұл туралы Атырау қаласының білім бөлімі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 18 қантар күні шыққан анықтамасы негізінде хабарлайды. Қазіргі таңда мектеп директоры денсаулығына байланысты жұмысынан шеттетілді. Мектеп басшысымен жұмыс барысында қарым-қатынаста болған қызметкерлер медициналық тексеруден өткізіліп, мектепке тиісті санитарлық шаралар жүргізіліп жатыр.