Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған азаматтардың балалары «Қазақстан халқына» қорынан тегін білім гранттарын алады.
Өтініштер 2023-2024 оқу жылынан бастап қабылданады. Грант ұсыну мерзімі мен шарттары жайлы ақпарат қор сайтында 1 маусымға дейін жарияланады.
Бағдарламаға Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады.
Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмғандардың балалары мен жарақат алған балаларға білім гранттары тек бакалавриатқа ғана емес, колледжде де оқу үшін беріледі.