Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Басты

Атырауда өткен жылы екі жарым тонна балық заңсыз ауланған

Атырауда  заңсыз ауланған екі жарым тонна балық жауапты мекемелерге өткізілді. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Атырау балық инспекциясының бөлім басшысы Орынбасар Әміржанов мәлім етті.

Заңсыз деп танылған қара балықтың жалпы салмағы 2505,6 кг, оның ішінде 2403,5 кг иесіз аулардан тәлкіленген, қалған 100,4 кг ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік істермен алынған. Оған қоса 1,7 кг бекіре тұқымдас балық тәрлкіленіп отыр. Барлық алынған балықтар «Амангелді» ЖШС, «Абылай-хан» ЖШС және «Тілекші» ЖШС, «Надежда-1» мекемелеріне тапсырылған.

Сондай-ақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша 244 құқық бұзушыға 5 млн 69 мың 265 теңге айыппұл салынып, оның 225 адамнан 4 млн 266 мың 759 теңге өндіріліп отыр. Сонымен қатар иесіз 1002 дана балық аулау мен жүзу құралдары тәркіленді. Оның ішінде 937 дана ау-құралдары мен 65 дана қолдан жасалған қайық анықталып отыр.

-Былтыр қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Атырау балық инспекциясы бөлімінің мамандары 577 құқық бұзушылықты анықтап, хаттама толтырды. Оның ішінде Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабы 1-тармағы бойынша 7 әкімшілік іс және ҚР ӘҚБтК-ның 383-бабы 3-тармағы бойынша 42 әкімшілік іс жолданды,- деді О.Әміржанов.

 

Back to top button