Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Басты

Көлігіңіздің нөмері көрінбесе айыппұл арқалайсыз

Нөмірі көрінбейтін көлік жүргізушісі жазалануы мүмкін. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыс мезгілінде кейбір жүргізушілер көліктегі мемлекеттік нөмірді тазалау керегін елей бермейді.
Мұндай көлік жүргізушілеріне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы, 1-бөлігі «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша айыппұл салынады.
«Көрінбейтін немесе ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін, белгілі бір орындардан басқа жерге орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлікті тізгіндеу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», — делінген бапта. Айта кетейік, 2023 жылы 1 АЕК — 3 450 теңгеге тең. Осылайша, 17 250 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Back to top button