Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Басты

ТЖ кезінде жұмыс орнын тастап кеткен полицейлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақстанда тәртіп сақшыларының жауапкершілігін арттыру жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісінде «Әскери полиция органдары туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Заң жобасын талқылау барысында Мәжілісмен Ерлан Саиров тәртіп сақшыларының жауапкершілігі туралы сұрады.

«Қайғылы қаңтар кезінде Талдықорған қаласында, Жамбыл және Қызылорда облыстарында кейбір қызметкерлер жұмыстарын тастап кетіп қалған болатын. Прокуратура өкілдеріне сұрағым бар, осы орган басшыларына қандай шара қолданылды?», — деп сұрады Саиров.

«Қаңтар оқиғасына қатысты ай сайын тиісті ақпаратты береміз. Қанша қылмыстық іс қозғалды, қанша адам жауапқа тартылғанын хабарлаймыз. Тиісті ақпарат қажет болса, тағы бере аламын», — деді бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев.

Ол 2022 жылдың желтоқсанында заңға тиісті өзгерістер енгізілгенін айтты.

«Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Төтенше жағдай кезінде жұмыс орындарын тастап кету, өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша Қылмыстық кодекске жаңа бап енгіздік. Онда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Жоғарыда айтқанымдай, мен толық ақпаратты бөлек бере аламын», — деп жауап берді Бас прокуратура өкілі.

Back to top button