Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Басты

Үкімет басшысы заңсыз берiлген кен орындарын мемлекет меншiгiне қайтаруды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов заң бұзушылықпен берiлген кен орындарын мемлекет меншiгiне қайтаруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі Ақпарат министрлігімен бірлесе отырып, басқа елдерде тіркелген автокөліктерді заңдастыру тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз етсін. Сондай-ақ, еліміздің барлық өңірінде полицияның сервистік моделін тарату үшін қажетті іс-шараларды қабылдау қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Сыртқы істер министрлігіне Үкіметтің инвестициялық блогының жұмысын күшейту бойынша қосымша ұсыныстар енгізуды тапсырды. Бұл ұсыныстар Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында қаралатындығын ескертті.

«Индустрия және Экология министрлiктерi Бас прокуратурамен бiрлесiп, заң бұзушылықпен берiлген кен орындарын мемлекет меншiгiне қайтару іс-шараларын қабылдасын. Кәріздік-тазарту қондырғыларына қатысты қажетті жобалық-техникалық құжаттаманың уақтылы әрі алдын-ала дайындалуын қамтамасыз ету керек. Бұл жобаларды жүзеге асыруды тездету керек», — деді Премьер-Министр.

Back to top button