Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСпорт

Жеңіл атлеттеріміз жартылай финалға шыға алмады

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Ольга Сафронова жартылай финалға өте алмады.

Ол 200 метрге жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ольга белгіленген межені 23,58 cекундта бағындырып, мәреге соңғы болып жетті.

Алайда, отандасымыздың жұбаныш кезеңіне қатысып, жартылай финалға өтуге әлі де мүмкіндігі бар.

Тағы бір жеңіл атлетіміз Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады. Қазақстандық спортшы өз тобындағы сегіз атлеттің ішінде мәреге жетінші болып келді. Оның көрсеткіші – 13,88 секунд. Өкінішке қарай, Ефремов жартылай финалға өтпей қалды.

Back to top button