2024 жылғы 31 шілде сағат 17:27-де Атырау қаласы Владимирская көшесі бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің бірінің қылтимасынан түтін шығып жатырғаны жөнінде төтеншеліктерге шақырту түскен.
Өрт сөндірушілер 6 балаға газ түтінінен қорғау аппаратын кигізіп, құтқарып алып шықты.
Сонымен қатар, өрт кезінде 35 адам оның ішінде 21 бала өздігінен эвакуацияланды.
Өрт 18 сағат 18 минутта оқшауланып, 18 сағат 20 минутта толықтай жойылды.
Өрттің аумағы 21 шаршы метрді құрайды.
Сонымен қатар, Департаменттің психологы және «АМО» қызметкерлері тұрғындарға, балаларға шұғыл психологиялық көмек көрсетті.