Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жазды. Төтеншеліктерге шақырту 1 тамызда сағат 14:53-те келіп түскен. Құтқарушылар 3 бірлік қайықпен оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар Департамент бастығының орынбасары подполковник Р. Шариев оқиға орнында жүр. Психолог маман туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.