Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда 8 кәсіпорынның 75 жұмысшыға 43,2 млн теңге жалақы қарызы болған

Атырау облысында 8 кәсіпорынның 75 жұмысшыға 43,2 млн теңге жалақы қарызы бары анықталған. Ал, еңбек заңдылығын бұзған компанияларға 8,8 млн теңге айыппұл салынған.

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кемел Иманғалиевтың мәліметінше, жоспардан тыс жүргізілген 90 тексеру кезінде заңмананы бұзған 43 дерек анықталған.

«Жыл басынан бері басқармаға 1200-ден астам өтініш тіркелген. Еңбек инспекторлары 1159 өтінішті қарады. Ал, қалған өтініштер өзге құзырлы органдарға жолданды. Осы кезеңде еңбек қатынасы бойынша 938 азаматтың конституциялық құқықры қорғалды. Құқық бұзушыларға 43 заңсыздықты жою туралы 29 ұйғарым беріліп, 35 әкімшілік хаттама толтырылды. Нәтижесінде заң бұзғандарға 8,8 млн теңге айыппұл салынды», -деп хабарлады Кемел Иманғалиев.

Оның айтуынша, басқармаға түсетін өтініштердің басым бөлігі жұмысшының еңбекақысына байланысты болып отыр.

«Жұмысшының еңбекақысын төлемеу және кешіктіру жағдайына жол бермеу мақсатында тиісті уәкілетті органдармен бірге түсіндіру жүргізілді. Еңбек дауына байланысты тексеру нәтижесінде облыстағы 8 кәсіпорынның 75 жұмысшыға 43,2 млн теңге жалақы берешегі бары анықталды. Қабылданған тиімді шаралардың нәтижесінде қызметкерлердің жалақылары төленіп, еңбек құқығы қорғалды»,- деп мәлім етті Кемел Иманғалиев.
Back to top button