Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Ауыл шаруашылығы санағы пилоттық режимде басталады

Қазақстанда пилоттық режимде ауыл шаруашылығы санағы басталады. Санақ тамыздың 20-сы мен 30-шы қыркүйек аралығында өтеді.
Ауыл шаруашылығы санағына шаруа қожалықтар, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтары, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Санақ барысында жер және егіс алқаптары, төрт-түлік, үй құстарының саны, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары есепке алынады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қатысты басқа да аспектілерге қатысты деректер назарға алынады.

Атырау облысында ауыл шаруашылығы санағы Атырау қаласы және Махамбет, Исатай аудандарында пилоттық режим түрінде өткізіледі.

Ауыл шаруашылығы санағы – бұл ауыл шаруашылығының құрылымы мен жағдайы туралы мәліметтерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық бақылау.

Back to top button