Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТуризм

Атырау облысына үш айда 32 мыңнан астам турист келген

Атырау облысына үш айда 32 мыңнан астам турист келген. Туристердің арасында 5 мыңнан астам шетелдік бар. Бұл туралы Казинформ жазды.

Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы туризмді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жаннат Сабырғалиеваның айтуынша, 200-ден астам туристік мекеме тіркелген. Оның ішінде 127 орны бар. Ал, 41 нысанда жол бойындағы сервистік қызмет көрсетіледі.

«Туристік қызмет саласында 48 компания тіркеліп отыр. Оның 11-і туроператор, 37-сі фирма, 2 этноауыл және 1 визит орталығы бар. Биылғы қаңтар-наурыз айларында Атырау облысына 32 мыңнан астам турист келді. Туристердің 27 мыңы – қазақстандық, ал, 5 мыңнан астамы – шетелдіктер. Өңір тұрғындары мен қонақтарын қызықтыратын бірнеше туристік бағыт анықталып отыр. Туристер Индер ауданындағы Тұздыкөлге, Құрманғазы ауданының аумағымен өтетін Қиғаш өзеніндегі «Лотос» алқабына, Жылыой ауданында орналасқан Ақкегершін борлы тауына, Исатай ауданындағы Нарын құмына, Махамбет ауданындағы Ортағасырлық Сарайшық кешеніне, Атырау қаласының маңындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына жиі барады. Өйткені, аталған орындардан Атыраудың бірегей табиғаты мен мәдени мұрасын тамашалауға болады», — деп хабарлады Жаннат Сабырғалиева.

Оның айтуынша, табиғат сипаттағы төтенше жағдай кезінде туристік маусым кейінге шегерілген. Атырау облысының әкімі Ссрік Шәпкеновтің шешімімен жарияланған төтенше жағдай режимі әлі де сақталып отыр.

Қазір жағдай тұрақтала келгендіктен, экскурсиялық турларды жандандыруды жоспарлап отырмыз. Оны туристік ұйымдар арқылы ұйымдастырамыз. Алдымен туристік орындарды бірге аралап, жай-күйін тексеруді ойластырдық», — дейді Жаннат Сабырғалиева.

 

Back to top button