Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тасжолында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы бесеуі ауруханаға жатқызылды.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жамбыл облысы полиция департаменті тиісті жедел-тергеу шаралары жүріп жатқанын хабарлады.
Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.