Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті темекінің барлық түрі қымбаттайтынын хабарлады.
Бұйрық бойынша, бөлшек саудада темекі өнімдері үшін мынандай ең төменгі бағалар қолданылады:
фильтрлі, фильтрсіз сигареттің 20 данасына (бір қорабына), папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:
▪️2024 жылғы 15 шілдеден 31 желтоқсанға дейін – 820 теңге;
▪️2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 870 теңге.
Қазір Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасы – 770 теңге.