Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үйлер салынып жатыр.
Қазіргі мәлімет бойынша, барлық 80 үйдің іргетасы құйылған. 29-ында қабырғалар тұрғызылуда. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 7 мердігер тартылып, 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде.
Құрылысты 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында 2 674 нысанға техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:
– 100 үй салу;
– 1 376 үй сатып алу – 1 341 сатып алынды;
– 1 198 үйді жөндеу – 1 174-інде жұмыстар аяқталды.