Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Индерде 10 адамды қарақұрт шаққан

Индер аудандық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаевадан білгеніміздей, бүгінге дейін аудан бойынша 10 адам улы жәндіктен запа шегіпті. Олардың ішінде бірі 7 жастағы, екіншісі 15 жастағы бала екен. Жапа шеккендер қырда жүрген жандар емес, бәрі де – елді мекеннің тұрғындары. Оның ішінде аудан орталығы Индербор кентінен де және барлық ауылдық округтардан да бар екен.

— Қарақұрт шағып ауруханаға түскен тұрғындардың барлығының алғашқыда жағдайлары өте ауыр болды. Медициналық ем-домның нәтижесінде жағдайлары қалыпқа келді. Олардың 9-ы ауруханалық жағдайда ем алса, бір адам ғана емханалық ем алды. Қарақұрттың шабуылы жылда маусым мен шілде айларында тіркеліп жүр. Ал тамыз айында уының қуаты артып, тіпті қауіпті бола түседі. Қарақұрт уына қарсы сарысу (сыворотка) дәрі қоры аудандық ауруханада әзірге бар. Қауіптің күшеюіне байланысты облыстан оның қорын тағы да толықтыруға ұсыныс беріп отырмыз, Улы жәндік шаққан жағдайда бірден жедел жәрдем шақыру керек. Немесе жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізу қажет. Дұрыс және өз уақытысында емдеу удың қауіп-қатерін төмендетеді. Егер медициналық көмек дер кезінде көрсетілмесе, адам ажал құшуы мүмкін. Сондықтан абай болған жөн, — деді бас дәрігер Анар Доспаева.

Back to top button