Атыраулық самбошылар “Азия Балалары” ойындарының жүлдегері атанды, деп жазды AtyrauPress тілшісі.
Маусым айының 26-сы мен шілде айының 7-сі аралығында Ресей Федерациясы, Якутск қаласында спорттың 24 түрінен “Азия Балалары” VIII Халықаралық спорттық ойындары өтуде. Жарыстың алғашқы күні самбошы күресінің шіберелері сынға түсті. Ұлттық құрама сапындағы Атырау облысының спортшылары 2 қола жүлдеге ие болды. Ұлдар арасында 64 келі салмақта Базарбай Расим мен қыздар арасында 59 келі салмақта Дастанқызы Балнұр үздіктер қатарынан көрінді.