Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, табиғат қорғау заңнамасының сақталуына тексеру жүргізілген. Заңдылықты бұзушылардан биылғы 5 айда бюджетке 15,2 млрд теңгеден астам қаржы өтелді.
«Жер қойнауын пайдаланушы экологиялық рұқсатсыз 5 млн текше метр көлемінде күкіртті газды жағуға жол бергені анықталды. Прокурорлық қадағалау шараларымен кінәлі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі (Қоршаған ортаға антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша жауапқа тартылды. Кінәліге 12,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды», — деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.