17 маусым күні сағат 13:00 шамасында Құрманғазы ауданында патрульдік полиция бөлімшесінің қызметкерлері полиция аға лейтенанты Әділбек Темірболатов пен полиция лейтенанты Айтуған Бақтығалиев, полиция аға лейтенанты Нұрмағамбет Мукушев өздеріне бекітілген аумақта арнасы толған Бұзаусылан өзегінде көпірден күдік тудырған ер адамды байқаған. Дереу жанына жеткенде ер адамның көпірдің арғы жағына өтіп суға секірмек болған әйелді райынан қайтармақ ниетте екенін көріп шұғыл әрекет етіп, полицейлер әйелді қауіпсіз жерге шығарған. Мәселенің мән-жайын тексеру барысында көпірден секірмекші болған 19 жастағы аудан тұрғыны екені анықталды. Аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды.