Құрбан айттың алғашқы күні Атырау облысында барлығы 158 қой, 10 ірі-қара сойылды. Құрбан малының еті негізінен мешіттің жастары, жамағаттар, автоволонтерлар арқылы мұқтаждардың үйлеріне жеткізіліп берілді.
Сондай ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың басын біріктіріп отырған қоғамдық ұйымдарға да құрбан малының етін жеткізіп бердік. Айт кезінде көп балалы, жетім, жесір, науқас бала тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық беріліп отыр» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.