Тасқын су кезінде 100-ге жуық шаруа қожалықтары зардап шекті.
«Қазіргі уақытта қожалықтардан өтінім қабылдануда. Арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады.
Заңдылыққа сәйкес, суда қалған қожалықтар әбден құрғатылғаннан кейін тиісті зерделеу, бағалау жұмыстары жалғасатын болады. Тасқын күтілген уақытта барлық қожалықтарға ескерту берілген болатын» деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.
Айта кету керек, тасқын кезінде Махамбет ауданында елдімекендерді су басқан жоқ.
Тасқыннан қорғану мақсатында 100 шақырымнан астам қорғаныс бөгеті салынды. Махамбет ауданында Жайық өзенін жағалай орналасқан 17 елдімекен бар.