Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті.
«Атыраудан Ақтөбеге қатынайтын жолдың Мақат ауданының аумағындағы бөлігінде көлік өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өртенген көліктен үш адамды алып шықты. Олар – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Құтқарылған шетелдіктер жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді», — делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.