1700-ден астам азаматқа баспана сатып алуға және жөндеу жұмыстары үшін 48 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Ал қорытындымен келіспегендердің өтініші кері қаралып жатыр.
Бүгінге дейін 2100-ден астам адам келісімшартқа отырып, құжаттарын алған. Жауапты мамандар қалған 800-дей тұрғынның өтініштерін қабылдап, бағалау жұмыстарын 2-3 күнде аяқтауды көздеп отыр.