Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Мәжіліс жаңа заң қабылдады: Букмекерлер мен онлайн-казиноларды жарнамалауға тыйым салынады

Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, блогерлер мен инфлюенсерлерге, сонымен қатар басқа да қазақстандықтарға букмекерлік кеңселер мен онлайн казиноларды жарнамалауға тыйым салынады. Бұл үшін 200 мың теңге айыппұл қарастырылған.

Мәжілісменнің айтуынша, құжатта құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге шектеу қойылған тұлғалардың тізімі анықталған. Егер адам бәс тігетін болса, бірден жұмыстан шығарылады.

Сонымен қатар, заң жобасы заңнамаға мынадай өзгерістер енгізуді көздейді:

байланыс операторларына ойын жарнамасы бар хабарламаларды жіберуге тыйым салу;
букмекерлік кеңселер мен казинолар жарнамасын шектеу;
шетелдік букмекерлік кеңселер, лицензиясы жоқ және онлайн казинолардың интернет-ресурстарына толық тыйым салу.

Back to top button