Қазіргі уақытта тас жол бойында орналасқан Соколок арнасының №112 учаскесіндегі көпір су өтуіне кедергі келтіріп отыр. Осы ретте көпірді кеңейтуге арнайы комиссияға ұсыныс берілді. Бұл туралы учаске координаторы Әлібек Семғалиев мәлім етті.
— Комиссия оң шешім шығарса, Доссорға қатынайтын жолдағы көпір асты кеңейтіледі. Осылайша судың кедергісіз өтуіне мүмкіндік жасалады. Қазір көпір астымен су өту қиындап, жайылмаға тарауда. Нөпір су Бірлік, Жұлдыз ықшамаудандарының тұрғындары бірігіп салған бөгетке тіреліп тұр. Әзірге қауіп жоқ, десе де бөгеттердің осал тұстарын нығайту жұмыстарын бастап кеттік,- деді Ә.Семғалиев.
№112 учаскеде жүріп жатқан бөгет нығайту жұмыстарына 8 арнайы техника мен 15 адам жұмылдырылды.