Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға төлемақы төлеу жалғасуда. Бүгінде 1209 тұрғынның есепшотына төлемақы аударылды. Оның 451-і жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін, 758-і тұрғын үй сатып алу немесе үй құрылысын салу үшін төлемақы алды. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.