Атырауда Талдыкөл ауылынан эвакуацияланған тұрғындар психологиялық көмек алуда. Түркістан облысы ТЖД психолог мамандары ауыл тұрғындарымен ақпараттық сипаттағы әңгіме жүргізді. Сондай-ақ, психологтар балалармен тренингтер өткізді. Іс-шаралар тұрғылықты жерінен орын ауыстырғаннан кейінгі балалардағы стрессті жеңілдетуге бағытталған.
Сонымен қатар, Атырау облысы ТЖД психологтары «Жедел желі» арқылы қажет болған жағдайда ақпараттық және психологиялық шұғыл көмек көрсетуде.