Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі су тасқынына қатысты түсініктеме берді.
ТЖД басшысының орынбасары Руслан Шариевтің айтуынша, қазіргі уақытта Махамбет ауданындағы су деңгейі шарықтау шегіне жетті. Ал Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі — 6 метрге көтеріліп тұр.
⁃ Үлкен су Атырау қаласына әлі келуде. Біз су тасқыны Махамбет ауданынан бір арнамен келіп Жайық өзенін толтырып жатқанын көріп отырмыз. Су екі Соколок және Сарыөзек айналма каналдарына да құйып жатыр. Каналдардың шарасына сыймай тұр. Әзірге Атырауда су тасқыны басталу уақытын нақты болжай алмаймыз , — деді Руслан Шариев.