Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

️Атыраулық аспаз жағалау бекіту жұмысындағы азаматтарды тегін тамақтандырды

Әлеуметтік желіде «Бас аспаз» атауымен танымал атыраулық Бағдат Қадыров облыстағы жаға бекіту жұмыстары кезінде өз өнерімен ерекше көзге түсті. Ол бөгет көтеру жұмыстары жүріп жатырған аймақтарға барып, азаматтарға түскі және кешкі ас дайындап отырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Ол Атырау қаласындағы Еркінқала, Дамба, Чехов, Талғайран ықшам аудандары мен Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында аспаздық етті. Ал барлық қаражатты өз есебінен шығарып отырған.

Жалпы Б.Қадыровтың аспаз болып жүргеніне 15 жылдан асқан. Қазіргі таңда ол фуд-блогерлікпен қоса, қаладағы «сj-cafе», «sharbaq» мейрамханаларында бас аспаз болып еңбек етеді. Оның айтуынша, мұнда ол өз еркімен, қиын-қыстау шақта жұртпен бірге өз көмегін беруге келген.

Айта кетейік, Бағдат Қадыров 2023 жылы Анталияда өткен әлемдік аспаздар сайысында еліміздің намысын қорғап, 750 аспаздың ішінен топ жарып, жеңімпаз атанған.

Back to top button