Атырау қаласының басты қорғаныс құрылымы саналатын Соколок арнасының жағасын бекіту жұмыстарына 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 100-ге жуық азамат тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Осы учаскеге жауапты координатор Олжас Сұлтановтың айтуынша, қалаға қауіп төніп тұрған жоқ.
— Қазірде жұмыстар қарқынды, бөгеттерді қосымша биіктетіп, қаланы аман алып қалу үшін барлық күшті жұмылдырып жатырмыз. Осы жұмыстардың арқасында тасқынға төтеп береміз деп ойлаймын. Егер өзен суы бөгетті жарса, арнайы жоспарымыз бар. Оған барлық күштік құрылым сақадай сай тұр,-деді О.Сұлтанов.
Соколок арнасы бойымен нығайтылған бөгеттің жалпы ұзындығы — 32 шақырым, ал тұрғызылған бөгеттің биіктігі — 3 м.