Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Құлсарыдан лагерьге жіберілген оқушылардың ата-анасына билет құны қайтарылады

Атырау облысындағы Құлсары қаласынан лагерьге жіберілген оқушылардың ата-анасына билет құны қайтарылады.

Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Оқу-ағарту министрлігі құлсарылық оқушылардың «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалуына қолдау көрсеткен.

«Министрліктің қолдауымен 146 оқушы Щучинск, Түркістан, Қонаев және Балқаш қалаларына демалуға жіберілді. Балаларды күтіп алу, тамақтандыру, сауықтыру демалысы және оқыту қызметтері «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының қызметіне кіреді. Балалардың жол ақысына жұмсалған қаржы, жолда жүру билеттерінің ақшасы тапсырылған соң төленетін болады», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ата-аналарға балаларының лагерьге барып-келуі үшін билет сатып алуға жұмсалған қаржысы қайтарылатыны туралы түсінік жүргізілген.

Back to top button