Жайық өзенінен өр суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндіруде. Соған байланысты Махамбет–Сарытоғай ауылын жалғап жатырған тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылған.
Махамбет ауданы әкімдігі жол төсемін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындады, алайда судың көп көлемде келуі мен ағыстың қаттылығынан бұл жұмыстарды жүргізу мүмкін болмай тұр.
Су деңгейі төмендегеннен кейін жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Тасқынмен күресте уақытша қолайсыздықтар туындайды, бірақ аталған жұмыстар тұрғындар қауіпсіздігі үшін өте маңызды.
Сарытоғай ауылынан Махамбет ауылына қатынаушылар “Сейтек” шәйханасы жанындағы айналма жолмен өтуде.