Қазіргі уақытта алғашқы медициналық көмек беруде бірінші кезекте қолданылатын дәрілер аудан бойынша дайындалған эвакуациялық пункттерге жеткізіліп отыр.
«Қауіпті аймақтарда орналасқан Сарайшық, Талдыкөл ауылдарындағы амбулаториялардан вакциналар аудан орталығына алынды. Ондағы мақсат — вакциналарды сақталу тәртібінің және жарамдылық жағдайының бүлінуіне жол бермеу» деді Махамбет ауданы орталық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Сержан Сандыбаев.