Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көрген

Атырау облысында аудан әкімінің әйелі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жеткізді. Бұл туралы Казинформ сайты жазды.

Әйелдің айтуынша, күйеуі оған бірнеше рет қол көтерген. Зәбір көрген әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Бірге тұрған 11 жылдың ішінде балаларымыздың көзінше ұрды. Мәселен, 2021 жылы таңғы сағат 04:00-те мас күйде мені балалардың көзінше ұрып, бетіме жарақат салды. Осыдан кейін амалсыз жедел жәрдем мен полиция шақыруға мәжбүр болдым. Балаларымыз үшін шағымымды қайтып алуымды сұрады. Бұл жағдай 2023 жылғы 31 мамырда тағы қайталанды. Тағы да балалардың көзінше мені теуіп, ұрып-соқты. Мені мүгедек қыламын деп қорқытты. Омыртқам сынып, бір ай жүре алмай қалдым. Осы уақытта өзінің таныстарын пайдаланып, балаларымды тартып алды», — деді зәбір көрген әйел.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аудан әкіміне қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігімен тергелген. Қылмыстық іс ақпан айында сотқа жіберілген.

Back to top button